Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі әйелімен ажырасып кеткен Дәурен Айдарқұлов бойдақтарға болашақ жарын қалай таңдау керегін айтты

Белгілі актер, шоумен Дәурен Айдарқұлов желідегі парақшасында өкінішімен бөлісіп, бойдақ қыз-жігіттерге болашақ жар таңдауда кеңіс берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/daurenaidarkulov

“Ата-анам мен достарым, тіпті мен өзімді кішкентайымнан жуас, сабырлы адам деп санайтынмын. Және мен сияқты байсалды адамға белсенді, пысық әйел керек деген ойда болдым. Расымен, менің бірінші әйелім де, екінші әйелім де сондай пысық, епті болды. Кейін бұл ойым өзгерген кезде, байсалды ер азаматқа сабырлы әйел, пысық жігіттерге шапшаң қыз-келіншектер керек екенін түсіндім. Мұны ғалымдар дәлелдеп тастаған. Бір-біріне ұқсайтын жұптардың некесі ұзағынан әрі баянды болатыны жайлы статистика да бар”, – дейді актер.

Осы тұста Дәурен Айдарқұлов болашақ жарын іздеп жүрген қыз-жігіттерге жол көрсетіп, ақылын айтты. 

“Мінезі өзіңе ұқсайтын адам ізде. Сабырлы болсаң, байсалды жан табуға тырыс, пысық болсаң, өмірлік жарың епті адам болсын”, – деген шоумен өмірден түйгенімен бөлісті.

Алайда екі әйелімен ажырасып, әлі күнге дейін шаңырақ көтермеген Дәурен Айдарқұлов кеңес айтамын деп басы дауға қалды. Екі некесі де сәтсіз бола тұра, жастарға ақыл айтқан актерді көпшілік сынға алды.

“Біреуге ақыл айтпас бұрын, өзіңді жөндеп ал”, “ Өзің екі қатынды екі жаққа жіберіп, елге ақыл айтқаныңа жол болсын”, “Ақылды болып кетіпсің ғой”, “Өзіңді ақтап алған түрің бе?”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Дәурен Айдарқұлов ер азамат анасы мен әйелінің арасындағы алтын көпір болу керегін айтқан болатын.

 

Талқылау