Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі аяғым екі түрлі еді": Тамара Асар протезді жасыруға арналған көйлектерін көрсетті

Танымал әнші Тамара Асар гардеробын көрсетіп, сахнада неге үнемі ұзын көйлек, белдемше киетінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі сахналық образдарының әрқайсысының тарихын баяндап берді. 

“Мына сәукелемнің аты бар. Оны "Әйел әлемі" деп атадым. Жақындап қарасаңыз, әйелдің бейнесі суреттелгенін байқауға болады. Әйелдің көйлегінің етегі осылай жерге табан тіреп, нық тұруы керек. Жанында қорғаны болуы керек деп шетін осылай көмкердім. Осы баскиімді өзімше осылай ырымдап сахнаға алып шыққанмын", – деді әнші. 



Одан кейін эстрада жұлдызы басқа көйлектерінен ерекшелеп тұратын қызыл белдемшенің тарихын да айтып берді. 

“Мына қызыл белдемше мен үшін өте ерекше. Ұзақ уақыт қиындықтан кейін алғаш рет сахнаға шыққанда осы қызыл белдемшені киіп шыққанмын. Әлі есімде, бірінші рет аяғымдағы протезбен сахнаға шыққан едім. Ол кезде протезім өте қалың, ауыр еді. Екі аяғым екітүрлі боп тұратын. Кеңес Одағының кезінде протез тері мен ағаштан жасалатын ғой, содан салмағы ауыр болатын. Соны көрсетпеу үшін осындай ұзын қызыл белдемше киіп сахнаға шықтым" – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Тамара Асар алғаш рет жолдасының мамандығын айтып, ел талқысына түскен еді.  

 

Талқылау