“Екі автомат және бір тапаншамен қаруланған”. Трансгендер әйел мектепте алты адамды атып өлтірді
АҚШ-тың Теннесси штатында трансгендер әйел алты адамды атып тастады. Олардың үшеуі – мектеп оқушысы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ФОТО: Вbc.com
Бұл туралы Вbc жазды. Дерекке сүйенсек, 28 жастағы келіншек 3 оқушы мен 3 мектеп қызметкерін өлтірген. Оқиға Нэшвилл мектебінде тіркелді. Хабарлама түсісімен бірден жеткен полиция қызметкерлері де әйелді тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.
“9 жастағы 3 оқушы мен 60-тан асқан мектеп қызметкерлері көз жұмды. Тағы бір полицей жарақат алды. Әйел екі автоматпен және бір тапаншамен қаруланған. Оны тек атып өлтіріп қана тоқтаттық”, – делінген полиция ақпаратында.
Әзірге әйелдің не үшін мектепке шабуылдағаны белгісіз. Десе де тергеу нәтижесі анықтағандай, ол бұған дейін осы оқу орнында оқыған көрінеді.
Полиция 28 жастағы келіншектің кім екенін де хабарлады. Ол Одри Хейл есімді трансгендер болып шықты.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек