"Екі аңыз": "Рэкетир" жұлдызы Саят Исембаев Джеки Чанмен түскен суретін жариялады
Көпшілікке “Рэкетир” фильмі арқылы танылған актер Саят Исембаев әлемге әйгілі актер әрі каскадер Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады. Өнер иелерінің суреті желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саят Исембаевтың айтуынша, сурет 2026 жылғы 11 тамызда түсірілген. Ол бала күнінен Джеки Чанның фильмдерін көріп өскенін айтып, әйгілі актерге деген құрметін білдірді.
“Мистер Джеки Чан. Әлемдік аңыз. Бала кезімізде фильмдеріңізге барып, сізге сүйсініп қарайтынбыз. Сіз мықтысыз”, – деп жазды Саят Исембаев.
Екі актердің бірге түскен суреті көпшілікті ерекше қуантқан. Желі қолданушылары пікірде:
“Екі жұлдыз”, “Екі аңыз”, “Аңыз бен аңыз”, “Керемет кадр” деп жылы лебіздерін білдірген.
Кейбір оқырмандар әзілге де басып, “Жаңа “Рэкетир 4” фильмінің құрамын енді білдік” деген пікір қалдырған.
Саят Исембаевтың Джеки Чанмен жүздесуі оның оқырмандары үшін де тосын әрі әсерлі жаңалық болды.
Еске салайық, 9 шілдеде Джеки Чан Алматыға келген еді. Онда Armour of God: Ultimatum халықаралық көркем фильмінің ресми басталу рәсімі өтті. Салтанатты шарада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева актерге Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланысты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірген еді.
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы