Алтынай Жорабаева қызының жасауына 100 миллион теңге жұмсаған
Әнші Алтынай Жорабаеваның қызына әзірленген жасау әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жас отбасыға берілген дүние-мүліктің жалпы құны шамамен 100 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жарияланған видеода сөз алған әншінің құрбысы ұзатылған қызға арналған жасаудың көлемі өте ауқымды екенін жеткізген. Оның сөзінше, күйеу жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлаған. Ал жаңа баспананы жабдықтауға қажетті кілем, жиһаз, ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық заттар қыздың жасауына қосылған.
Әзірге жаңа шаңыраққа барлық дүние бірден жеткізілмеген. Видеода көрсетілген заттар дайындалған жасаудың шамамен оннан бір бөлігі екені айтылады.
“Алтынай Жорабаеваның қызының жасауына шамамен 100 миллион теңге кетті. Жігітке әкесі 200 шаршы метрлік пәтер сыйлады. Пәтердің ішін кілем, жиһаз, ыдыс-аяқпен толық жабдықтады. Біз қазір жасаудың 10 пайызын ғана алып келдік”, – дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде қызының құдалығынан кейін құдаларынан келген тарту-таралғыны көпшілікке көрсетті. Кадрларда қазақы дәстүрге сай жасалған сый-сияпаттар мен ақ тілектер бейнеленген. Видеода құдалардың әншінің қызына 15 миллион теңге көлемінде қалыңмал табыстағанын көруге болады.
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы