Алматы облысында мұздықтан табылған адам қаңқасы 19 жыл бұрын жоғалған алматылық ер адамдікі болып шықты
Алматы облысында Северцов мұздығынан адам қаңқасы табылды. Табылған сөмке мен оның ішіндегі деректерге қарап қаңқа 19 жыл бұрын жоғалып кеткен қазақстанстандыққа тиесілі болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық Нелли Михеева Instagram-дағы Stories-інде қаңқаның 19 жыл бұрын жоғалған әкесіне тиесілі болуы мүмкін екенін жеткізіді.
“Достар бүгін отбасымыз үшін бір жағынан қайғылы, бір жағынан қуанышты күн. Неге екенін түсіндірейін. 19 жыл өткен соң әкемнің денесінің қалдықтары табылды. Северцов мұздығы еріген және Белорусииядан келген туристерге көп рахмет! Жай өтіп кетпей, әкемнің қаңқасы мен сөмкесін тауып алған. Таңертең құрбым маған жазба мен суреттерді жіберді. Әкемнің сөмкесіне ұқсайтынын айтты”, – деді ол.
Нелли табылған сөмкенің әкесінікі екеніне сенімді болған. Себебі мұндай Кеңес дәуірінен қалған сөмке сол кезде көп адамда болмаған.
“2007 жылы дәл осындай ескі сөмкемен тағы біреу тауға бару мүмкіндігі өте аз. Мен Төтенше жағдайлар департаментімен байланысқа шықтым. Олар маған құтқарушылардың номерлерін берді. Құтқарушылар мәйіт пен заттарды таудан түсіріп тергеушілерге істі тапсырған. Тергеушілер барлық құжаттарды апаруымды сұрады. Осылайша біз барлық фотосуреттерімізді жібердік. Кейін тергеушілер сөмкеден әкемнің төлқұжатын тапқанын хабарлады. Барлықтарыңызға рахмет! Осындай қайғылы оқиғаның аяқталғанына қуаныштымын”, – деп қортындылады ол.
Нелли енді әкесін алаңсыз жер қойнына тапсыратынын жеткізді.
