Орманда түнеген турист қызды аю шатырын жыртып алып қашып, өлтірген
Ресейдің Алтай өлкесінде туристер қонып жатқан шатырға аю шабуылдап, 29 жастағы қызды орманға сүйреп әкеткен. Жыртқыштан алған жарақатынан әйел қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
112 Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға түнгі сағат бірлер шамасында Бия өзенінің жағасындағы "Исток" туристік базасында болған. Туристер Бия өзенінің жағасына шатыр тігіп қонған. Жыртқыш шатырды жыртып, оның ішінде болған 29 жастағы Снежанна К.-ны алып, орманға қарай сүйреп кеткен. Сол жерде аю қызға шабуыл жасап, ол қаза тапқан.
Ашық дереккөздерде марқұмның Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде жұмыс істеуі мүмкін екені айтылған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Оқиғадан кейін жергілікті жерде тергеушілер жұмыс істей бастаған. Өңірлік Тергеу комитеті тексеру жүргізіп, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Ақмолада 13 жастағы бала көкпар ойнап жүріп, қаза тапты: Туыстары оны атпен қағып өткен адамның жазасыз қалғанына наразы
Марқұм Дінмұхаммед “Жанбөбек” командасының құрамында ойнаған
7,6 миллион теңгелік резидентура мен 250 мың теңге жалақы: Қазақстандық жас дәрігерлер оқу ақысын қалай ақтайды
Алина: “Ақылы резидентура мұндай ақшаға татымайды”
