Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді

Аида Балаева мен Джеки Чан
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан "Доспехи бога 4: Ультиматум" фильмінің түсірілімі үшін Алматыға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгін Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін Armour of God: Ultimatum халықаралық көркем фильмінің өндірісін ресми бастау рәсімі өткен.

Шара барысында Үкімет басшысының орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған үлесін атап өтті.

Сондай-ақ Джеки Чан Алматының талантты жас суретшілерімен және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектерімен кездесті. Әлемдік кино жұлдызы жастармен шығармашылық, кино және кәсіби ізденіс туралы әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Кездесу соңында жас суретшілер әйгілі актерге өздері салған портреттерін тарту етті.

Еске салайық, былтыр күзде әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келген еді. Кейінірек оның халықаралық фильм жобасын іске асыру үшін келгені белгілі болды, ол “Доспехи Бога: Ультиматум” атты жаңа фильміне түсірілім алаңдарын таңдаумен айналысқан. Қазақстандық актер Рүстем Омаров да фильмге актер әрі сценарист ретінде қосылды. Жоба Маңғыстауда түсіріледі, бұл аймақтың табиғаты мен инфрақұрылымы фильмге лайық деп танылған. Фильм Қазақстанның халықаралық кино саласындағы беделін көтеруге, туризм мен креативті индустрияны дамытуға мүмкіндік бермек.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 17:46