"Екі адам ауруханаға жатқызылған": БҚО-да жедел жәрдем мен экскаватор соқтығысты
Батыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі экскаватормен соқтығысты. Нәтижесінде зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 маусым күні сағат 18.15-те Орал-Тасқала жолының 26-шақырымында болды.
"УАЗ" (жедел жәрдем) көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сөйтіп, алда 1973 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан трактор-экскаватормен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан "УАЗ" автокөлігінде отырған 1966 және 1981 жылғы әйел адамдар Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен