Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

eGov mobile қосымшасындағы уақытты кейін қайтаруға қатысты сауалнама жоғалып кетті

eGov mobile қосымшасындағы Қазақстандағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға арналған сауалнама жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желі қолданушылары сауалнаманы қосымшадан таба алмай отырғандарына шағымдана бастады. 

"Бұл сауалнама өзекті мерзімі аяқталған соң жарияланымнан алынды", – делінген хабарламада.

Таяуда eGov mobile қосымшасында қазақстандықтарға уақыт белдеуіне қатысты сауалнамаға қатысу ұсынылды. Сауалнамада "Қай уақыт белдеуі сізге қолайлы?", "Қазір орнатылған уақытпен не істеу керек?", "Не себептен уақытыңыз жетпей жатыр?" деген сұрақтар қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасаған еді.

Редакция "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясына сауалнама жіберіп, неліктен жүйеден алып тасталғаны туралы сұрады.



Еске салайық, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған. Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

Талқылау