"Егіздің сыңары": Балжан Бидаштың 27 жастағы сүйіктісі туралы не білеміз
Әдемі дауысымен көпшіліктің көңілінен шыққан KeshYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш жақын арада шаңырақ көтермек. Желтоқсан айының алғашқы жұлдызында музыкалық премияда әншіге ерекше ұсыныс жасаған жігіт жайлы ақпарат көп болмаса да, оның өнер әлемінен алыс еместігі, егіздің сынары екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Опмай-Опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет: видеодан скриншот
Балжан Бидаштың сүйіктісінің есімі — Үсен Оразалы. Жасы жиырма жетіде. Әншінің айтуынша, ол өнер адамы емес. Алайда, осы саланы жақсы меңгеріп алған жігіт. Үсен Оразалы — продюсер Жан Мұқановтың досы әрі серіктесі Асан Оразалының бауыры, яғни егіздің сыңары. Балжан Бидаштың болашақ күйеуі осы продюсердің қарамағында жұмыс істейді.
Instagram желісінде 2500-ға жуық қана оқырманы бар азамат желіде аса белсенді емес. Бірақ парақшасына Бидашқа ұсыныс жасап жатқан сәтте түсірілген суретті жүктеген.
Екі ғашыққа ақжарма тілектерін білдірген қазақстандықтардың басым бөлігі Үсен мен Балжанның арасында махаббат барын білген жоқ.
"Көмекшілерім, стилистерім, администраторларым білмеді. Бірақ дәл менің жанымда жүрген кісілерден басқасының барлығы білген сияқты. Иә, осы ұсыныс жаңа жылда немесе жаңа жылдан кейін түседі деп ойладым. Сондықтан күтпегенім рас", - деді Бидаш 1 желтоқсанда жасалған ұсынысқа қатысты.
Әнші келін атануға дайын екенін, қайын жұртын сыйлаған соң, үйленуден кейінгі тұрмыс-тіршіліктен қорықпайтынын айтты.
"Келін болуға дайынмын. Өйткені, қайын жұртымды білемін қандай кісілер екенін. Сондықтан еш қорықпаймын", - деді ол. Сондай-ақ, ас әзірлеуді де жақсы білетінін, күделікті тұрмыстың жұмысын жақсы істей алатынын да айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаштың сүйіктісі ерекше ұсыныс жасағанын жазған едік.