Егіз апалы-сіңлі қызық үшін ДНҚ тестін тапсырып, отбасылық құпияны біліп қойды
Австриялық егіздер қызық үшін ДНҚ тестін тапсырамыз деп, өзара туыстық қатынасы жоқ екенін анықтады. Егіздердің бірі Reddit форумында отбасылық құпия туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Damages.ru
18 жастағы Reddit қолданушысы мен оның әпкесі егіз. Оларға ата-әжесі ата-анасына айтпай, қыздардың генетикалық деңгейде ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау үшін ДНҚ тестін тапсыруға ұсыныс жасаған. Олар ата-әжесінің кеңесіне құлақ асамыз деп, апалы-сіңлі емес екенін білді. Тесттің қателесуі мүмкін екеніне көз жеткізу үшін олар екінші мәрте тест тапсырғанымен, нәтиже өзгермеді.
ДНҚ тестіне сәйкес, пост авторы әпкесінің шығу тегі батыс еуропалық және шығыс еуропалық екені анықталды. Қыз бұл қисынды екенін айтады, өйткені олардың отбасы мүшелерінің көпшілігі хорваттар, немістер және аустриялықтар. Алайда оның өзінің тегі тест қорытындысы бойынша скандинавиялық, тіпті орыс болуы мүмкін екені анықталды. Қыз ата-бабаларының арасында скандинавиялықтар болуы мүмкін екенін мойындайды. Өйткені ол анасы мен әпкесінен біршама ұзын, ал шашы отбасының қалған мүшелеріне қарағанда әлдеқайда ашық түсті.
Қыздар бұл туралы атасы мен әжесіне айтқанында, олар нақты ештеңе демеген. Содан кейін олар анасынан бұл нені білдіретінін сұрады. Алайда тосын сұрақ анасының ашуын тудырған. Анасы ДНҚ сынақтары дәл емес екенін және ата-әжесі немерелеріне оларды тапсыруды ұсынбауы керек екенін айтты. Әкесі жақ ашып ештеңе айтпады.
Соңында пост авторы анасы босанған клиникаға қоңырау шалды. Ол туған күнінде анасы тек бір бала туғанын білді. Сондай-ақ егіз туа салғандағы алғашқы суреттерінде екеуі үнемі екі бөлек түсірілгенін және тек алты айдан кейін ғана бірге түсе бастағанына назар аударды.
"Мен таңғалып тұрмын. Дүниежүзіндегі маған ең жақын адам, бір құрсақтан шыққан сыңарым маған мүлде бөтен адам болуы мүмкін. Менің туған күнім де өтірік болуы мүмкін. Маған ешкім шындықты айтпайды", – деп жазды егіз қыздардың бірі.
Пікір қалдырушылардың көбі пост авторын асырап алған деп есептейді және оған атасы мен әжесімен сөйлесуге кеңес береді. Олардың пікірінше, ата-әжесі бірнәрсені анық біледі. Кейбір Reddit пайдаланушылары қыздың туу туралы куәлігін табуды ұсынды. Өйткені онда қыздың сұрақтарына жауап беретін маңызды ақпарат болуы мүмкін.