"Еденде оны жалаңаш жорғалатты": Адвокат Салтанат қаза болған күні Бишімбаевтың қандай видеоға түсіргенін айтты
Жәбірленушінің өкілі Әлия Омарова Салтанатты өлтірген күні түсірілген видеода Бишімбаев одан басқа ер адаммен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындатып, бопсалағанын еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Әлия Омарова қылмыскердің әйелді масқаралау мақсатында ұрып-соққанын айтады. Мұны сотта куәгер ретінде Бишімбаевтың өзі де мойындады.
"Бұл видеода Бишімбаев Салтанатты еденде жалаңаш жорғалатып, бірнәрсе іздеуге мәжбүрлеген. Бұл кезде оның жылдам тыныс алу дыбысы естіледі және тынысы тарылды. Сірә, камералар қосылмай тұрып, ол оны ұрған. Тағы бір бейнеде ол оның соңғы киімі, яғни күртешесін шешіп алады. Сөйтіп ол оның тізе бүгіп іздеуін талап етеді", – деді Әлия Омарова.
Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев камераны Салтанатқа қарай бұрып, оның екі бұтын ашып, ұятты жерлерін түсіруге тырысқан.
"Жәбірленуші өзінің соңғы демі қалғанша денесінің жалаңаш жерлерін жабуға жұмсайды. Көздерінен қорқыныш пен дәрменсіздікті көріп тұрмыз. Бұл – Салтанатты тірі көрген соңғы кадр. Ал оның көздері сұмдыққа толы", – дейді Әлия Омарова.
Еске салайық, бұған дейін әйелін азаптап өтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы видеоларда марқұм Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойғаны туралы жаздық.