Дзюдошылар Түркиядағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында өткен Grand Slam турнирінде сәтсіз өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр салмақтың өкілдері Нұрлыхан Шархан мен Әділет Сапарғалиев та бірінші белдесулерінде ұтылып қалса, аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев алғашқы айналымнан аса алмады. Әйелдер арасында Әбиба Абужақынова ғана тұрақты нәтиже көрсетіп жүр. Қалған спортшыларымыз алғашқы белдесулерінде-ақ жеңіліп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Түркияның Анталья қаласында өткен жатқан Grand Slam турнирінде жалғыз Әбиба Абужақынова қола жүлде жеңіп алған еді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты

