Әбиба Абужақынова Түркиядағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Әбиба Абужақынова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әбиба Антальядағы Grand Slam турнирінде тамаша күрес үлгісін көрсетті. Отандасымыз алғашқы айналымда португалиялық Брито Ракелді иппонмен ұтып, екінші белдесуінде ресейлік Кристина Дудинаға қарсы әдіс жасап, иппонмен жеңді. Ширек финалда америкалық балуан Мария Лобердені жеңгенімен, жартылай финалда үш дүркін әлем чемпиионы, жапон балуаны Нацуми Цонодадан жеңіліп қалды. Дегенмен қола жүлде үшін белдесуде Сабина Гилиязовадан басым түсті. Осылайша, Әбиба биылдыққа үшінші рет халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрініп отыр.
Айта кетейік, бүгін сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Толғанай Әбеуова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг) алғашқы айналымнан аса алмады.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту

