Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан «Доспехи Бога» фильмін Қазақстанда түсіргісі келгенін айтты

Әлемге әйгілі қытай актері Джеки Чан Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты. Джеки Қазақстанда міндетті түрде фильм түсіретінін айтып, уәде берді. Бұдан бөлек, біздің елімізге 10 жылдай уақыт бұрын келгісі келгенін айтты.

18948328_426231424442915_107023004399042560_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«10 жыл бұрын Гонконгтағы сіздердің елшіліктеріңіз маған Қазақстанның суретін көрсеткен, табиғатымен таныстырған. Біз бірлесіп жоба жасауды жоспарлағанбыз. Негізі мен сол кезде Қазақстанға келемін деп ойлағанмын. «Доспехи Бога» фильмін түсіру кезінде мен командамды Қазақстанды түсірілім алаңы ретінде зерттеуге тапсырма бергенмін. Бірақ олар келе алмады. Сондықтан бүгін сіздердің елдеріңізге өзім келіп отырмын. Өте қуаныштымыз», – деді Джеки.

Пайғамбар жасына жеткен Джеки әлі де кино түсіруді жалғастыратынын мәлімдеді.

«Мені кино түсіруге бүкіл әлемдегі жанкүйерлерім шабыттандырады. Сондықтан мен кино түсіруді жалғастыра беремін.

Қай елге барсам да, «сіздің киноларыңызды көріп өстім» деген сөзді жиі естимін. Баршаларыңыздың қолдауларыңызға көп-көп рахмет.

Енді сіздің еліңізге кино түсіру жоспарымен келемін», – деп ағынан жарылды Джеки.

Қытайлық актер қымыздың дәмін татып көргісі келетінін айтты.

«Қазақстан – мұхитқа шыға алмайтын ең үлкен мемлекет, газ бен мұнайға бай. Табиғаты тамаша, жылқы еті, қымыз бар», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Еркенің жаңа клипі Қазақстанда бұрын соңды болмаған рекорд орнатты (видео)

Қарындасын алақанына салған Болмановтың ұлы желідегілердің жүрегін елжіретті

Ерлан Қарин Джеки Чанды Қазақстанға шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты

Баян Есентаева Ақботаның отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Ұзабаевты кінәлаған

Талқылау