Дүкенге сэндвич алуға кірген ер адам миллионер атанды
АҚШ-тың Порт-Сент Люси қаласында дүкенге сэндвич алуға келген ер адам лотереядан қомақты қаржы ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Florida Lottery сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

44 жастағы Трэвис Холл бағын сынау үшін дүкеннен тамақпен бірге лотерея билетін де сатып алыпты.
Холл өзінің жеңісі туралы бірнеше күннен кейін білген. Билеттегі қорғаныш қабатын қырған ол 5 миллион доллар ұтып алғанын көрген. Ер адам мұның шын екеніне біраз уақытқа дейін сене алмапты.
Холл қаржыны бір реттік төлем ретінде алуды жөн көріпті. Осылайша ол 4 миллион доллардан аса қаржы алған. Ал билет сатылған дүкенге бонус ретінде 10 мың доллар беріледі.
Жеңімпаз қаржыны қайда жұмсайтынын айтпады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған