Дубайда суасты транспорт жүйесі бар жүзетін арал салынады
Дубайда медициналық инфрақұрылымы бар Dubai Healthcare City атты жүзетін арал салынады. Сондай-ақ арал суасты транспорт жүйесімен қамтылмақ. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Designboom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаны Kalbod Studio сәулет бюросы әзірлеп жатыр. Аралдың пішіні жарты ай секілді болады, ал ғимараттар футуризм стилінде салынады. Оның үстіне аумақта көлік қозғалысына тыйым салынады.
Жобаға сәйкес аралды негізгі үш аймаққа бөледі. Орталықта білім беру және зерттеу нысандары орналасады. Шеткі аудандарында медицина мен тұрғын үй нысандары салынады. Сондай-ақ науқастарға арналған 24 қонақ үй бой көтереді. Биік ғимараттар әртүрлі биіктіктегі аспалы жолдармен байланыстырылады.

"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"