Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда 1 миллион доллар ұтып алған қазақстандық азамат ақшасын алып кетпеген

Қазақстандық Хуссейн Еремешев Дубайдағы бажсыз сауда дүкенінде лотереядан 1 миллион доллар (388 млн 900 мың теңгеден аса) ұтып алған. Алайда ол ұтысын алып кетуге келмепті. 

Дубайда 1 миллион доллар ұтып алған қазақстандық азамат ақшасын алып кетпеген

Лотерея ұйымдастырушылары қазақстандық азаматқа мұндай тамаша жаңалықты жеткізе алмаған. Себебі онымен хабарласа алмай отырмыз, дейді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Gulfnews.com басылымына сілтеме жасап. 

Хуссейн Еремешев дүкеннің сайтында 131-сериядағы 3 614 нөмірлі билетті сатып алған. Ұтыстың билеттің құны 272 долларды (105 мың теңгеден аса) құрайды. 

Мен үшін ең қымбат сый: Қайрат Нұртас анасына 20 мың долларға не сыйлады >>>

Сонымен қатар басылымда лотереяда, Еремешевтен бөлек, тағы бір азаматтың жеңгені хабарланады. Ол – Үндістанның Керала штатының 56 жастағы тұрғыны Камаласанан Надар Васу. Ер адамның Дубайда тұрып жатқанына шамамен 30 жыл болыпты. Ол ұтып алған ақшасын қарыздарын төлеуге, демалуға және кәсібін дамытуға жұмсамақ. 

Талқылау