Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Достарынан өзінің қайтыс болғанын естіген: Ер адам өзін "жерлеп" тастағаннан кейін қайтып келді

Индонезияның Шығыс Ява провинциясының тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі өткеннен кейін үйіне қайтып келді.

Достарынан өзінің қайтыс болғанын естіген: Ер адам өзін

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, мұндай жағдайға мотоциклмен құжатсыз жүрген ер адамның апатқа ұшырап, көз жұмғаны себеп болған. Ауыр жарақаттан тіл тартпай кеткен азаматтың денесін тану мүмкін болмапты. Сондықтан полиция оның тұлғасын мотоциклі бойынша анықтауды ұйғарған. Олар мотоциклдің Сунарто есімді 40 жастағы құрылысшыға тиесілі екенін анықтапты. 

Артынша полиция Сунартоның туыстарына жерлеу үшін мәйітті береді.

«Туыстары мәйітті жуындырған кезде де оны тани алмады», - дейді полиция басшысы Грабаган Али Канта.

Жерлеу рәсімінен 7 сағат өткеннен кейін Сунарто үйіне қайтып келеді. Ер адамның сөзінше, ол өзінің «өлімі» туралы жұмысындағы достарынан біліпті.

Сунартоның айтуынша, ол үш ай бұрын Вариим атты танысынан қарыз ақша алып, кепіл ретінде өзінің мотоциклін қалдырған. Аталған жол апатынан дәл осы азамат көз жұмған болуы мүмкін. 

Вариимнің туыстары мұндай жағдай туралы естігеннен кейін, олар мәйітті қайта жерлеуді жөнсіз деп тауыпты. Сондықтан қабірдегі тасты ауыстырумен ғана шектелген.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр