Досымжан Таңатаров қызын ұзатты
Белгілі әнші Досымжан Таңатаров Қаракөз есімді қызын ұзатып, "қайын ата" атанды. Өнер иесі елорда төңірегіндегі мейрамханалардың бірінде дүркіретіп той жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің отбасылық қуанышына өнердегі әріптестері ортақтасты. Тойға келген Ақбота Керімбекова: "Өнер жолында қатар келе жатқан сапарлас дос-жарандармен Досымжанның шаңырағындағы қуанышқа ортақтастық!
Досымжан деген есімді ортасынан қақ бөліп, орнын ауыстыра оқысаңыз, Жандосым болады ғой. Екі атауға да лайық Досик бізге өте жақын! Балалардың бақытын қатар көріңдер, Досымжан-Айнұр! Уақыт деген-ай, ә, Досик, сенің де қайын ата болғаның ғой", – деп жазды желідегі парақшасында.
Одан бөлек, Таңатаровтың тойына Нұрлан Өнербаев, Дастан Оразбеков, Бауыржан Есебаев, Әділ Ахметов, Ұлықпан Жолдасов, Саят Медеуов, Қанат Айтбаев, Серікзат Дүйсенғазы, Қалқаман Сарин сынды өнер өкілдері қатысқан.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар