Доллардың құны 424 теңгеге дейін түсті
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 424,84 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеген.
Айта кетерлігі, Қазақстанның Ұлттық банкі 24 мамырдағы доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын 424,84 теңге деп жариялады. Ал америкалық валютаның 21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 424,73 теңге, сату – 428,75 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 424,08 теңгеден сатып алынып, 426,69 теңгеден сатылуда.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті