Доллар бағамы бірден 12 теңгеге түсті
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа бағамы бірден 11,96 теңгеге төмендеп, 414,67 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге өсіп, 6,81 теңгені құрады. Сауда көлемі 13,8 миллион рубльге жетті.
Еуроның орташа сараланған бағамы 449,92 теңгеге дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 2,43 теңгеге арзандап, 62,09 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 422-430 теңгеден, еуро 447-457 теңгеден, ресей рублі 6-6,5 теңгеден сатылуда.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"