Ақша айырбастау нүктелері долларды 480 теңгеге сатуда
Алматының кейбір айырбастау пункттерінде доллар 482 теңгеге сатылып жатыр. Мұны kurs.kz деректері куәландырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, Алматымен Нұр-Сұлтандағы көптеген айырбастау пункттері доллар бағамын 470-471,5 теңге деңгейінде белгілеген.
Бұл ретте көптеген айырбастау орындарында доллар сату тоқтап тұр.
Доллар сатып алу бағамы 430-448 теңгеге белгіленді.
Ұлттық банктің ресми бағамы 19 наурызда 1 АҚШ долларына439,32 теңгені құрайды.
Кейбір айырбастау орындарында еуро курсы 500 теңгеден асты, сату бағамы 487- ден 523 теңгеге дейін белгіленген.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда