Дмитрий Малахов Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігін басқаратын болды
Дмитрий Малахов Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.
Фото ашық дереккөзден алынды
“Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.
- Балаларға ақша аударылғаннан кейін ұлттық қорда қанша қаражат қалды – Ұлттық банк өкілі жауап берді
- Қазақстанда министрліктер 20 млрд теңгені игере алмаған
Малахов 2023 жылдың қазан айынан бері қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары, оған дейін, 2022 жылдың наурыз айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары болған. Ал одан бұрын 2020 жылдың қыркүйегінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметі бастығын тағайындаған еді.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты
Калия: "Дәрігерлер ата-анама “жаназаға дайындала беріңдер, тек бір аптадай өмірі қалды” деген"
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
