Тоқаев президенттің күзет қызметі бастығын тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметі бастығын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев күзет қызметінің бастығын тағайындады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды", –делінген хабарламада.
Роман Төреханов – 94 келі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесінде кәсіпқойлар арасында бразилиялық джиу-джитсудан абсолютті әлем чемпионы.
Бұған дейін мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президенттің күзет қызметінің бастығы лауазымын Шыңғыс Аринов атқарған. Ол төтенше жағдайлар министрі болғанын хабарлаған едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды