Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал дизайнердің өлімі: Прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор дизайнер Bisen-ді өлтірді деген күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Прокурор Дүйсенғалиевке 99-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылғанын айтты.

"Мен айыпталушының кінәсі дәлелденді деп санаймын. Ол жәбірленушіге ауыр жарақат келтіріп, нәтижесі өлімге алып келді.  Сізден оны кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор.

Өз кезегінде қайтыс болған дизайнердің отбасы кінәліні 15 жылға бас бостандығынан айыруды және 10 миллион моральдық өтемақы төлеуді сұрады.

Еске салайық, қазақстандық дизайнер Bisen 2020 жылдың күзінде өлтірілген.

Бұған дейін Алматыда дизайнерді өлтірді деген күдікпен марқұмның қызының інісі 1991 жылы туған ер адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Полиция күдікті адам өлтіргенін мойындағанан айтты.

Сәбит Сырахан - танымал қазақстандық дизайнер. Дизайнердің киімін көптеген рэперлер мен хип-хоп мәдениетінің өкілдері киген.

Талқылау