Дияр Нұрғожай UFC-ге жолдама беретін турнир алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін турнир алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC
Жеңілістің дәмін татпаған Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турниріне қатысады. Соңғы жекпе-жегінде әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын PFL тұжырымының экс-чемпионын нокаутпен ұтқан Дияр Нұрғожай UFС тұжырымымен келісімшарт жасасуға жақын. Отандасымыз ертең өтетін Dana White’s Contender Series турнирінің алдын ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Дияр мен қарсыласы поляк Бартош Шевчук тиісті салмақты көрсетті.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтың лигасында ,яғни Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған. Ол 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

