"Dior сөмкемен шығамын": Ерке Есмахан перзентханаға дайындалып жүргенін айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан ұзаққа созылған саяхаттан оралып, перзентханаға дайындалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі отбасымен Европа аралап келген еді.
“Бір айлық саяхатымыздың әдемі нүктесін қойдық. Әрқайсымыздың қалауымыз, арманымыз орындалған демалыс болды. Алла қаласа, келесі жанұялық сапарымыз бесінші адамға толықсын деп тілейміз", – деп жазады әнші.
-
"Ерке неке жүзігін лақтырып жіберді": Асхат Садырбай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты
-
"Денсаулықта ақау болса, бұйым қараяды": Басы дауға қалған Ерке Есмахан ел алдында ақталды
Желі қолданушылары өнер иесінен перзентхана сөмкесін дайындап жатқанын сұрады. Алайда эстрада жұлдызы әлі дайындамағанын айтты.
“Бір Dior сөмкесімен шыға саламын деп тұрмын”, – деді әнші. Көпшілік әншінің аман-есен дүниеге сәбиін алып келуін тілеп жатыр.
“Жүкті әйелдің мәртебесі – өте жоғары. Пайғамбарымыз бұл туралы: "Әйел құрсақ көтерсе, оған Алла жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады екен”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Ерке Есмахан "сотуардан түскен ақшаға шалқып жүр" дегендерге жауап берген еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады