Динозаврлардың жер бетінен не үшін жойылып кеткені белгілі болды
АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары 66 миллион жыл бұрын жер бетінен жойылып кеткен динозаврлар мен басқа да жануарлардың ғайып болу себебін тапты. Жер бетіне астериод құлағанға дейін биосфера қалпын бұзылған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы Phys.org пресс-релизінде белгілі болды.
Зерттеушілер ұлу қабыршығындағы кальцийдің изотопты құрамын анықтаған. Оның химиялық құрамы астероид құлағанға дейін өзгеріске ұшыраған, сол арқылы мұхиттардағы көмірышқыл мөлшері бірден өскен. Оның себебі Орталық Индиядағы магматикалық аумақта кездесетін Декан трапптарының атқылауынан туындаған.
Ұзақ жылдар бойы Декан трапптары атмосфераға мұхитты қышқылдандыратын және тірі ағзаға әсер ететін көмірқышқыл газын өткізген. Ұлу қабыршықтарының құрамында теңіз суында көмірқышқыл газын ерітетін кальций карбонаты болған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған