AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер туралы қызықты деректер

Жыл сайын 22 сәуірде жаһандық мейрам – Халықаралық Жер-Ана күні мерекеленеді. Мейрам 2009 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген және 2010 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күні экологиялық апаттар еске алынып, ғаламшарымызға қауіп төндіретін проблемаларды шешу үшін не істеу керегі талқыланады. Stan.kz Жер туралы қызықты деректерді ұсынады. 

Жер туралы қызықты деректер

  • Жердің тығыздығы кез келген өзге ғаламшардан жоғары (5,515 г/см3).
  • Жердің полюстер мен экваторларындағы диаметрінің айырмашылығы 43 шақырымды құрайды. 
  • Ғаламшардың 70 пайызын жауып жатқан мұхиттардың орташа тереңдігі 4 шақырымға тең.
  • Жер қабатының үнемі жылжуының нәтижесінде құрлықтар пайда болған. Бастапқыда Жер бетінде тек бір құрлық болды. Ол Пангея атауымен белгілі. 
  • Жылдың 4 мезігілінің ауысуы Жердің экваторлық қиғаштығының нәтижесінде жүзеге асуда. Ол өз орбитасына 23,44 градус қиғаш тұр.
  • Егер Жерді тесіп, екі жақ басына дейін ойық жасап, секірсе, құлау ұзақтығы шамамен 42 минутқа созылады. 
  • Жарық сәулелері Күннен Жерге дейінгі қашықтықты 500 секундта өтеді. 
  • Егер бір шай қасық топырақты зерттесе, ондағы тірі организмдер Жер бетіндегі адамдар санынан көп болып шығады. 
  • Жер бетінде ағаштар пайда болғанға дейін алып саңырауқұлақтар өскен. 
  • Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі (күніне 8,6 млн рет).
  • Күн сайын Жер атмосферасында шамамен 100 тонна кішігірім метеорит түседі.
  • Жер бетіндегі судың тек 3 пайызы тұщы болып табылады. 
  • Антарктидадағы мұздың көлемі Атлант мұхитындағы судың мөлшерімен тең.
  • Бір литр теңіз суында алтынның 13 миллиардтық үлесі бар. 
  • Жыл сайын 2000-ға жуық теңізде тіршілік етушілер ашылуда. Олардың үштен екісі әлі күнге дейін зерттелмеген. Жалпы саны – шамамен 1 миллион. 
  • Жердің ядросындағы алтынның мөлшері бүкіл ғаламшарды жарты метрлік қабатпен жабуға жетеді. 
  • Жердің ядросындағы температура Күннің бетіндегі температурамен бірдей (5500 °C).
  • Құрлықтар жыл сайын 2 сантиметрге жылжуда. 
  • 300 жылдан кейін жануарлардың 75 пайыздан астамы жойылып кетуі мүмкін. 
  • Жер бетінде күн сайын шамамен 200 мың адам дүниеге келеді.
  • Әр секунд сайын 2 адам қайтыс болады. 
  • 2050 жылға қарай Жер бетінде шамамен 9,2 миллиард адам өмір сүретін болады.
  • Жер тарихында 106 миллиардқа жуық адам өмір сүрген. 
  • Ғалымдар метеориттер мен ескі жыныстарды зерттеп, Жердің жасы шамамен 4,54 миллиард жыл деген тұжырымға келген. 
  • Шын мәнісінде, жердің пішіні шар тәрізі демес. Мұндай атау ғылыми пәтуа болып табылады. Шындығында, Жердің пішіні жалпақ шарға – қысылған сфероид немесе геоид тәрізді. Ғаламшар полюстер бағытында қысыңқы. Ал оның «бел» жағының радиусы 21 шақырымға үлкенірек. 

    Тағы оқыңыз:

  • Ай туралы сіз білмеген қызықты деректер

  • Ғарыш туралы қызықты мәліметтер

  • Күн туралы қызықты 17 мәлімет

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр