Діндарлар учаскелік полицейлердің іс-әрекетіне қатысты шағым айтты
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында діндарлар учаскелік полицейлердің іс-әрекетіне қатысты шағым айтып, әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Айтуларынша, өздерін «деструктивті діни топ өкілдері» ретінде полицияға шақырту жиілеген.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Олар саусақ таңбаларын алып, есепке қойғанынан бөлек, суретке түсіріп, тіркеп жатқандарына қарсылық білдіруде. Сақал өсіріп, намаз оқығанымызға жазықты болдық дегендер билік «азаматтық құқымызды бұзды» деп отыр. Полицейлер үйімізге кез-келген уақытта баса көктеп кіріп, саусақ ізін алуын жалғастыруда деген шағым иелері прокуратураға арыз түсірген. Соған қарағанда, құқық қорғау орындары дінге байланысты бақылауды күшейткен сияқты.
Оқи отырыңыз:
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Астанада қымбат көлігімен адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?