Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді

Динара Қырықбаева жолдасымен ажырасып кеткенін айтты. Әнші қыз күйеуінен бір жылдан бері бөлек тұрып жатқанын мойындады.

Желі қолданушылары көптен бері Динара ханым мен жолдасының бірге емес екенін болжап, әншіге түрлі сауалдар қойып келеді. Бүгін әнші бар шындықты өзі айтты. 

"Бәрін айтатын уақыт келді. Маған жолдасым туралы сұрақтар көптеп түседі. Сондықтан осында жазуыма тура келді. Менің сөзімді басқа жағынан ауыстырып, бұрмаламау үшін өзім айтайын.

Біз 5 жыл бірге болдық. Біздің кереметтей 3 баламыз бар. Екеуміз де оларды жақсы көреміз. Бірақ біздің ажырасып кеткенімізге 1 жылға жуық уақыт болды. 

Біз әрдайым бір-бірімізге көмектесеміз, қолдаймыз. Қарым-қатынасымыз жақсы. Біз балаларымыз үшін анасы мен әкесі болып қала береміз.


Динара Қырықбаева "ақшаңыз көп бола тұра мұқтаждарға көмектеспейсіз" дегендерге жауап берді


Менің, балаларымның жағдайы жақсы. Өтінемін, еш уайымдамаңыздар. Мені танитындардың бәрі менің хайпқұмар емес екенімді біледі. Сондықтан шындықты айтып отырмын. 

Басқа ешқандай пікір айтпаймын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет", - деп жазды Қырықбаева. 

Желідегі оқырмандары ажырасуға не себеп болғанын сұрай бастады. Енді бірі қолдау білдірді. 

"Әйел бақытына лайықты жансыз, Динара", "Бәрі жақсы болады.Ең бастысы басыңыз аман болсын", "Динара, сен мықтысың, тек алға", "Неге ажырастыңыздар? Ажырасу оңай, балалар үшін қосылғандарыңыз дұрыс", "Әншілердің ажырасуы да, қосылуы да тез", - деп жазды олар.

Бұған дейін Динара ханым жолдасымен екі рет айырылысып, қайта табысқанын айтқан еді. Ол кезде ғашықтардың отау құрғанына 3 жыл толған.

Талқылау