Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева "ақшаңыз көп бола тұра мұқтаждарға көмектеспейсіз" дегендерге жауап берді

Әнші Динара Қырықбаева өзін айыптаған желі қолданушыларына жауап берді. Өзінен сұрайтындар, көмек беруге кеңес беретіндер көп сыңайлы. Әнші әр жақсылығы үшін есеп бермейтінін айтады. 

Әнші мұқтаждарға көп көмек беретінін айтты. Алайда оны есеп беру үшін немес жақсы адам болып көріну үшін көпшілікке жарияламайтынын ескертті. Ондай мақсатта жасалған көмек те, садақа да қабыл болмайды дейді. 

"Неге көмектеспейсіз? Сізде ақша көп қой, неге жетім-жесірлерге көмектеспейсіз? Қарызға ақша бере тұрыңызшы. Неге қайырымдылықпен айналыспайсыз?

"Ақшаңыз сонша көп па не" деген хаттар көп келеді. Бұндай іші негативке толып, біреудің ақшасын санап отыратындарға жауап беруге де тырыспаймын. Сонда мен жасаған бар жақсылығымды жария етіп. Мен үйтіп жатырмын, бүйтіп жатырмын десем оның несі көмек, несі садақа?!

Біреудің ақшасын санап, негативті жаудырғандарды керісінше аяймын. Себебі, өзінің жеке өмірі дұрыс емес адамдар ғана басқаның өміріне қол сұғады. Кішкене болса да мейірімді болайықшы адамдар. Сіз менімен келісесіз бе, комментарийда әңгімелесейік", - деп жазды әнші парақшасында.

"Әркім өзі үшін өмір сүру керек, біреудің не істеп қанша ақшасы барын санап отырғанша еңбек етсең, оған да жетесің. Садақаны, мұқтаж жанға берген көмекті ешкімге есеп беріп жатудың қажеті жоқ. Ниет түзу адам болса болды ең бастысы", "Дұрыс айтасыз. Жасаған жақсылығынды айтпа , Алла көрді болды дейді", "Толықтай келісемін! Алла əр пендесіне нəсібін өзі береді, өзі алады. Қазіргі адамдардың көбісі ақылшы инстада отырып алып, əрекет істеудің орнына", "Дұрыс мен келісемін сізбен,Алла әркімге өз несібесімен береді", "Ешкім сіздің қалтаңызды санап жүрген жоқ, екі жаққа да жақсы болсын деген ниетпен жазады", - деді желідегі оқырмандары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр