Баян Алагөзованың діни насихатқа қатысты ұсынысына Мәдениет министрлігі пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзованың ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова діни насихаттың агрессивті түрлеріне шектеу қоятын заң нормаларын енгізуді ұсынған еді. Бұл ұсынысқа Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстанның құқықтық алаңында "діни насихат" ұғымы жеке категория ретінде қолданылмайды.
“Бізде “діни насихат” деген ұғым жоқ. Ал радикалды және экстремистік ағымдар бар. Оларға шынымен де тыйым салынған”, – деді ол.
"Наурыз мұсылмандардың мейрамы емес" деген сөзден кейін Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
ОқыңызШенеунік Қазақстанның көпконфессиялы әрі толерантты мемлекет екенін еске салды. Сондықтан діни саладағы мәселелер ең алдымен радикализмнің алдын алу жүйесімен реттелетінін жеткізді.
Вице-министр кей азаматтардың арандатушылық сипаттағы мәлімдемелеріне тоқталып, мұндай жағдайлар тексерілетінін жеткізді. Қанат Ысқақовтың айтуынша, мұндай әрекеттерге заң аясында тиісті баға беріліп жатыр.
“Оларды жауапкершілікке тартамыз. Бұл жалған ақпарат тарату, әлеуметтік, діни және өзге де алауыздықты қоздыру баптарына жатады. Сондықтан құқық бұзушылық белгілері болса, мұндай әрекеттер міндетті түрде заң аясында қаралады”, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының тұрғыны қазақтарда Наурыз мейрамы болмағанын, мұсылмандардың оны атап өтпейтінін айтқан еді. Кейін оны осы сөзі үшін полиция ұстап, қамауға алды.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді