Димаштың Қытайда қалатыны рас па?
Жан досы Димаш Құдайбергеновтың елге аман-есен оралғанын хабарлады. Осы орайда, ол алдағы уақытта Димаштың Қытайда қалып қоймайтынын сөз етті.
Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.
Қытайлық бағдарлама Димаштың отандық арналарға сұхбат беруіне тыйым салған екен. Яғни отандасымыз белгілі бір мерзімге дейін қазақстандық арналар мен басылымдарға сұхбат бере алмайды. Есесіне оның жақындары шығармашылығындағы жаңалықтарын бөлісіп жатыр. Жан досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов Димаш Құдайбергеновтың Қытайда қалмайтынын айтты. Десе де, оның әлемдік сахналарда өнер көрсетуге талпынып жүргенін жасырмады.
«Біз елге кеше келдік. Димашты марапаттап, қарсы алу рәсімі өтті. Әлі де отандасымызды күтіп тұрған ауқымды шаралар бар. Осы сұрақтың бірден нүктесін қойғым келеді. Бұл – жалған ақпарат. Ол қазақтың жерінде дүниеге келді, қазақ деп жүрегі соғып тұр, қазақша ән шырқап, қазақтың киімін киіп, Абай жолын насихаттап, Мұқағалидың өлеңдерін оқып, Дай-дидауды шырқап, домбыраны тартып жүрген жігіт қалай өзге елде өмір сүреді?! Оның өз елі, Отаны бар. Бірақ, Димаш секілді әншілер әлем үшін жаралған. Олар – әлемнің әншілері. Яғни қазақтың өнерін наисхаттау үшін Димаш шетелде көп еңбектенбек. Бүгін, тіпті, біз білмейтін мемлекеттерден шақырту түсіп жатыр. Ұсыныстар өте көп. Барлық жерде Димаш қазақтың мәдениетінің қандай екенін көрсетіп жүр», – дейді Алпамыс мырза.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың қытайлық жанкүйерлері “Абай жолын” жарыса оқып жатыр
Азамат Сатыбалды киноға түсу үшін 10 күн бойы тек су ішкен
Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды
Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)