Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың концертіндегі журналистермен төбелескен күзетшілер жұмыстан қуылды

Астанадағы Димаш Құдайбергеновтың концертінде журналистерге қарсы шу шығарған күзетшілер жұмыстарынан қуылды.

Безымянный

Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Министр шараны ұйымдастырушылар Димаштың жанкүйерлері мен оның барша тыңдармандары үшін мейлінше қолайлы жағдай жасап, концерт залының орталық есіктерін ашып қойғанын атап өтті.

“Болған оқиғаға қатысты қатты өкінемін. Ешкім адамдардың еркіндігін, құқығын шектей алмайды, оның ішінде журналистердің. Менің оларға деген құрметім ерекше. Күзетшілердің бұл әрекеті әрине дұрыс емес. Мен таңертең оларға қатысты қатаң шара қолдануға бұйрық бердім және “Қазақстан” орталық концерт залының басшылары ол күзетшілерді жұмыстан шығарды”, – деп жазады министр.

Мұхамедиұлы алдағы уақытта осындай шаралар кезінде барлығы тәртіп аясында болатынын, ал Димаштың болашақтағы концертін ұйымдастыру кезінде сыйымдылығы жоғары концерт ғимараттарының таңдап алынатынын айтты.

“Жағдайды тағы бір тарқата кетсем. “Информбюродан” болсын, басқа БАҚ-тан болсын маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Димаштың концертінен кейін мен Бейбітшілік және келісім сарайына барып, жақында болатын концерттің дайындығына қатыстым және онда түн ортасына дейін болдым”, – дейді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетсек, кешегі өткен Димаштың концерті қарсаңында журналистер мен күзетшілер арасында төбелес орын алған еді.

Еске салсақ, Димаш Қытай елінде өткен “I am a singer” халықаралық ән байқауында екінші орын алып, күллі әлемді өнерімен дүр сілкінтті. Осы байқаудағы жеңісінен кейін ол алғаш рет Астанаға аяқ басты. Әншінің жанкүйерлері оған ерекше құрмет көрсетіп, әрі қарай “Әлем таныған Димаш” концерті болды.

Оқи отырыңыз:

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр