Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің ізгі амалы туралы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев мәлімдеді.
"Димаш игі іс жасап, елордалық және ақтөбелік отбасыларға бес тонна азық - түлік жөнелтті", - деп жазды Кенжалиев.
Оның айтуынша, 100 отбасыға көмек көрсетілген.
"Міне, шынында игі істер осылай жасалады: жариялылықсыз, тыныш, тек жанның қалауымен және жүректің түкпірінен", - деді Димаштың Eurasian Fan Club фан-клубы.
Бұған дейін Димаш барлық қазақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйде қалуға шақырды. Ал өзі қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында, уақытын отбасымен бірге өткізіп жатыр.
Әнші Arnau Tour әлемдік турнесін кейінге қалдырды. Тыңдаушылар "карантиндегі жұлдыз" онлайн-жобасы арқылы Димаштың әнін тыңдай алады.
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан
Қазақстандық әйел ер адамды танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды деп айыптады
Караоке басшысы әйелдің айыптауларын жоққа шығарды