Димаш Құдайберген Қытайдағы мектеп оқулығына енді
Жиырма бес жасында әлемге танылып, көпшіліктің сүйікті әншісіне айналып үлгерген Димаш Құдайберген Қытайда шыққан мектеп оқулығына енді. Бұл туралы қазақстандық әншінің өзі Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген желідегі парақшасында қытайлық мектеп оқулығының суретін жариялады.
«Қытайдағы мектеп оқулықтарынан өзіңді көру жағымды екен», - деп жазды Димаш.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 2017 жылы I'm a Singer байқауына қатысқаннан кейін Қытайда танымалдыққа ие болды. Әнші байқаудың финалына жетіп, екінші орынды иеленген еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды