Димаш Құдайберген Қытай телеарнасында жаңа әннің тұсауын кесті
Димаш Құдайберген Қытай телеарнасына шыққан сәтін көрсетті. Ол Only you атты жаңа әнін орындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш әннің атауы мен тұсаукесердің қай арнада өткенін жазды.
Айта кетейік, Димаштың жаңа әні Элвис Преслидің Only You туындысымен аттас.
Құдайбергеннің жаңа әні фанаттардың көңілінен шығып, қызу талқыға түсті.
Бұған дейін Димаш Қазақстан олимпиада құрамасын қолдап, видео түсірген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған