Димаш Құдайберген "Қазақстанның жыл әртісі" аталымын жеңіп алды
4 наурыз күні дәстүрлі қазақстандық "Тикетон" сыйлығының иегерлері жарияланды. Оның нәтижесі бойынша "Қазақстанның жыл әртісі" аталымын Димаш Құдайберген жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Концерттік іс бөлімінде, "Қазақстанның жыл әртісі" аталымына диджей Иманбек, хип-хоп орындаушы The Limba, "Ирина Қайратқызы" шығармашылық бірлестігі, комик Сауле Юсупова, актер Евгений Чебатков пен "Ninety One" тобы, әнші Yenlik және Димаш Құдайберген ұсынылды.
"Қантөгісті тоқтатыңыздар": Димаш Құдайберген Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Дауыс беру нәтижесі бойынша сыйлық иесі болып Димаш Құдайберген танылды. Айта кетейік, әнші "Тикетон" сыйлығын алғаш рет алып отырған жоқ. Бұған дейін де Димаш "Қазақстанның жыл әртісі" және "Жылдың эстрадалық концерті" аталымдарын жеңіп алған.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген жақында Дубай, Минск, және Прага қалаларында жеке концертін береді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды