Пандемиядан кейінгі алғашқы шоу: Димаш Құдайберген Дубайда концерт береді
Димаш Құдайберген тыңдарманымен қайта қауышпақ. Әнші Біріккен Араб Әмірліктерінде концерт бермек. Ауқымды шара наурыз айына жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ән кеші 2022 жылдың 25 наурызында, Дубайдағы Coca-Cola аренасында өтеді. Билеттер сатылымға шығып үлгерді. Бұл - өнер иесінің пандемиядан кейінгі алғашқы концерті болмақ.
Айтпақшы, Димаш Құдайбергеннің өз парақшасы бұғатталған ұқсайды. Фанаттар желіден Димашты таба алмай, оның анасын сұрақтың астына алған.
"Біз онымен қалай хабарласамыз? Парақшасына не болды?" деген сауалға анасы:
"Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берген.
Соңғы рет Димаш Қазақстанда болған митингтерге қатысты алаңдаушылық білдірген еді.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған