Димаш Құдайберген Чехияда концерт береді
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еуропада концерт береді. Әншінің ән кеші Чехия астанасы Прага қаласына жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Концерт 2022 жылдың 16 сәуірінде "Типспорт Арена" кешенінде өтеді. Қуанышты хабарды Димаштың өзі хабарлап, тыңдармандарын музыкалық кештің куәсі болуға шақырды.
"Концерт Чехияның ең әдемі әрі ең үлкен ареналарының бірі – "Типспорт Аренада" болады. Көптен күткен алдағы кездесуімізді тағатсыздана күтемін. Махаббатпен, Димаш", – деді Құдайберген.
Айта кетейік, Димаштың жеке кеші наурыз айының 25-де Дубайда, сәуірдің 2-де Беларусьте өтеді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар