"Құрметті ресейліктер, сіздерді құттықтаймын": Димаш Құдайберген допинг сынамасымен ұсталған спортшыны қолдады
Әнші Димаш Құдайберген допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Достар, қазақстандық спортшыларға жанкүйер болғаныма қарамастан, бүгін көршілес елдегі қарындасым Камила Валиеваға қолдау көрсетіп, қатаң қысымға ұшырағаннан кейінгі таңғалдырарлық жеңісімен құттықтағым келеді. Қыз небәрі 15 жаста, соған қарамастан табандылық пен жігерлі мінез танытты. Құрметті ресейліктер, мәнерлеп сырғанау ханшайымының осы бір сенімді жеңісімен сіздерді құттықтаймын", – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық олимпиадашылар қыстың бас додасында неліктен жүлде ала алмағандарын түсіндірді
Айта кетейік, Валиева допинг жанжалынан кейін қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті. Бүгін, 17 ақпан күні ол әйелдер арасында ерікті бағдарламада өнер көрсетеді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда