Димаш Құдайберген 5 жылда бірінші рет қазақша ән жазғанын хабарлады
Димаш Құдайберген қазақстандық тыңдармандарына сый жасады. Ол қазақ тілінде ән жазғанын хабарлады. Айтуынша, бұл 5 жылда ана тілінде жазып тұрған алғашқы туындысы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл соңғы 5 жылда қазақ тілінде жазған бірінші эстрадалық әнім. Музыкасын талантты Еділжан Ғаббасовпен бірігіп жаздым. Тұсаукесер бірнеше күннен кейін болады. Менің Instagram және YouTube-тағы ресми арналарыма тіркеліңіздер", - деп бөлісті ол.
Тыңдармандар Димаштың жаңа әнін асыға күтетіндерін айтты.
"Кез келген тілде айта бер, біз күтеміз. Туған тіліңде шырқайтын әнің біз үшін әрқашан қымбат болмақ", "Енді жүректің қағысын тоқтата алмаймыз. Ұйқы, сау бол", "Асыға күтеміз", "Бұл деген керемет қой. Бейнебаянды да тағатсыздана күтеміз", - деп жазды олар.
Айта кетейік, қыркүйек айында Алматыда концерт береді. Бұл әншінің оңтүстік астанада қоятын алғашқы ән кеші болмақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі