Нұр-Сұлтанда бір топ фанаттар Садраддин Болаттың шашынан жұлып, таптап кете жаздады
Нұр-Сұлтанда бір топ фанаттар әнші Садраддин Болаттың жолына бөгет болды. "Хан Шатыр" ойын және сауда-саттық орталығына жиналған көпшілік әншінің шашынан жұлып, таптап кете жаздаған. Жанында күзет болғанына қарамастан, фанаттардың ортасында қалған Садраддин бұл жағдайдан әрең құтылып шыққан, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаның видеосын журналист Ерқанат Көпжасар Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Садраддин деген әншіні Хан-Шатырда нұр-сұлтандықтар аямапты. Астана халқының мәдени деңгейі осы болса, басқа өңір туралы айтпай-ақ қояйық", - деп жазды ол.
- "Мұздатқышта екі мәйіт жатты, біз фильм түсірдік": Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалы жайлы айтты
Бейнежазбада қаумалаған халық әншіге жол бермей, оны қыспаққа алған. Қолы жеткендер Садрадиннің шашынан жұлған. Мұның барлығы әншінің жанында екі күзет қызметкері болғанына қарамастан, орын алған.
Желі қолданушыларының айтуынша, әнші "Хан Шатырда" тегін концерт қоямын деп осындай жағдайға тап болған.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда