Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті (фото)
Димаш Құдайберген Global Shopping Festival-да әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.
Сурет: әншінің Instagram-дағы жеке парақшасынан
Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бірге түскен бірнеше суретін жариялады.
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы қытайлық кәсіпкер Джек Мамен бірге түскен суретін Димаш инстаграмда жариялаған.
«Қайта қауышқаныма қуаныштымын Джек мырза!» — деп жазған әнші.
Айта кетсек, Димаш жақында ғана Alibaba Group компаниясы ұсынған сыйлықты көрсеткен болатын. Бірақ әнші Джек Маның не сыйлағанын ашып айтпады.
Бұдан бөлек, Димаш жаһандық сауда фестивалінде америкалық рэп әнші, продюсер Фаррел Уильямс, британдық әнші Джесси Джей және голливудтық актриса Николь Кидманмен бірге қызыл кілем үстінде фотоға түскен.
Оқи отырыңыз:
Атағы дардай жазушы Астанадағы қарттар үйінде тұрып жатыр
Тамара Асар: Қазақтың ұлттық киімін Димаш арқылы әлемге таныту керек