Ділназ Ахмадиева Лидоның тағдырын түбегейлі өзгертті
Ділназ Ахмадиева Лидоны болашақ жарымен таныстырған. Бұл туралы Лидо 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтып берді.
Фото: Comode.kz
“Ділназ Ахмадиева мен менің жолдасымның отбасылары баяғыдан таныс”, – дейді Лидо. Оның айтуынша, кездесу алдын ала жоспарланбаған.
“Бәрі кездейсоқ болды. Бір мейрамханада ортақ достарымызбен бірге отырып қалдық. Бір көргеннен ғашық болдым дей алмаймын. Сымбатты жігіт, оған қатысты ешқандай жоспар құрған жоқпын. Бәрі өздігінен болды”, – деп еске алады әнші.
Лидоның сөзіне қарағанда, күйеуінің шоу-бизнес әлеміне еш қатысы жоқ. Әнші өмірлік жолдасының жомарт әрі қамқор екенін атап өтті.
“Кристиана Лабутеннен алған етігім бар. Құны – 1500 доллар, мүмкін, 1800 доллар. Анық есімде жоқ. Күйеуім сыйға тартты. Оларды киіп көрдім, өзіме жараса кетті. Сонда күйеуім: “Ала ғой”, – деді”, – деп пікір білдірді әнші гардеробындағы ең қымбат киім туралы сөз етіп.
Бүгінде жұптың үш баласы бар. Лидия балаларына таңдау құқығын беру үшін оларды АҚШ-та дүниеге әкелген.
“18 жасқа толған соң олар азаматтықты таңдай алады: Ол Қазақстан да, Америка да болуы мүмкін. Ал мүмкін ол кезге қарай біздің елімізде қос азаматтыққа рұқсат етіліп қалар”, – дейді Лидо.
Ол алдағы уақытта әнші ретінде жұмыс істегісі келмейтінін мойындады.
“Өзім жақсы көрмейтін, өзім ұнатпайтын әндерді жаздырғым келмейді. Ашығын айтатын болсам, көрермен қалауының жетегінде кеткім жоқ. Бүгінгі таңдағы сұранысқа ие әндер менің музыкалық құмарлығыма, талғамыма мүлдем қайшы. Өзім сүйетін әнді орындағым келеді, мен – біздің елімізде аса танымал емес музыка іспеттімін, ол – джаз, блюз”, – деп түйіндеді Лидо.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстан эстрадасының ең стильді әншісі өзін өмір бойы «ұсқынсыз үйрек» сезінген
Сәуле Әбединова күйеуінің өзге әйелден сәби сүйетінін білгенде оған рұқсатын бергенін ашып айтты
Батырхан Шүкенов қайтыс боларының алдында намаз оқуға ниет қылған
Мәдина Сәдуақасова күйеуінің көңіліне қарап әріптестерінің тойларына бармайтын болған