Алматы мен Шымкентте "Дикий Арманның" қылмыстық тобының ықтимал 15 мүшесі ұсталды
Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде “Қаңтар оқиғасы” кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Биыл тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесін қатысты ұстап, түнту жұмыстарын жүргізді.
Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта жүріп заңсыз әрекеттерін тоқтатқан жоқ.
“40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Бұдан бөлек, ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары мен негізгі қатысушылары отырған мекемелерде жедел жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және тиісті режимді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауда.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасына қатысты 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Тергеу мәліметінше Қаңтар оқиғасы кезінде Жұмагелдиевтің бұйрығымен 24 адамды ұрлап, Ritz-Carlton мен "Қазақстан" қонақ үйінің жертөлесінде ұрып-соққан. Салдарынан Ербол Өтепбаев есімді азамат көз жұмған. Бұдан басқа Арман Жұмагелдиевке "Заңсыз қару сақтау", "Жаппай тәртіпсіздікке қатысу" баптары бойынша айыптар тағылған.
Бұған дейін Жоғарғы сот Дикий Арман ісі не себепті ұзақ қаралып жатқанын түсіндірді. Сондай-ақ “Дикий Арманның” қылмыстық тобының мүшелері ұсталғаны туралы жазған едік.