Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дикий Арманның анасы қырғызстандықтардан кешірім сұрады

Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева қаңтар оқиғасы кезінде ұлының қырғызстандықтар Алматыдағы дүкендерді тонады деп айыптағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мен барлық қырғызстандықтардан кешірім сұраймын. Шындығында Арман қырғыз халқын жақсы көреді. Патриот, жауынгерлік рухтағы жандар екенін айтып тамсанады. Мүмкін сондықтан да шығар құдайдың қалауымен қырғыздармен құдаластық. Келініміз Айкол Аликжанова менің алғашқы немеремнің анасы. Біз бір-бірімізге жақын халықпыз. Кешірімім қабылданып, жақсы қарым-қатынасты сақтап қаламыз деп ойлаймын”,- деді Роза Жұмагелдиева келіні Айкол Аликжанованың instagram парақшасына салынған бейнежазбада.

Аликжанованың айтуынша бұл бейнежазба бұрыннан дайындалып келген. Алайда отбасы Арманның өзінің үндеуі жарияланады деп сенген.  

“Өкінішке орай жағдай біз ойлағаннан да қиындай түсті. Оған дыбыстық және бейне құрылғыларын пайдалануға қатаң түрде тыйым салынды. Арман анасының айтқандарымен толықтай келіседі. Бұл түсініспеушілік аяқталады деп сенемін”,-деді жұбайы Айкол.

 

Жабайы Арман қаңтар айындағы Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктелуде. 7 қаңтарда Алматы полиция департаментінің арнайы операциясы кезінде ҰҚТ-ның алты мүшесі мен жабайы Арман ұсталды. Олардан әр түрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрілер, суық қару және брондалған автомобиль тәркіленген болатын.

Қазақстанның арнайы прокуратурасы Арманның адамдары бүлік кезінде бейбіт шеруге шыққан және көшеден өтіп бара жатқан 24 адамды ұстап, күш көрсеткенін айтты. Салдарынан бір адам қайтыс болған. Қазір Жұмагелдиев қамауда.

 

Талқылау